«7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

2018 жылдың 19 тамыз күні сағат 11.00-де «Жеңіс» саябағында «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын ақпараттық түсіндіру мақсатында акция өткізіледі.

Акцияға барлығыңызды шақырамыз!

Тараз қаласының әкімдігі

Уважаемые жители города Тараза!

19 августа 2018 года с 11.00 часов, в парке «Жеңіс» состоится акция, целью которой является информационное разъяснение программы ипотечного жилищного кредитования «7.20.25. Новые возможности приобретения жилья для каждой семьи».

Приглашаем всех на акцию!

Акимат города Тараза

«Қасіреттің қара түнегі!» атты кездесу

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 тамызы күні «Балауса» аула клубында жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында «Қасіреттің қара түнегі!» атты кездесу өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты — қоғам өмірінде өзекті мәселеге айналып үлгерген суицид дертінің алдын алу, жасөспірімдерге өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуіне, жастардың жалпы және жеке проблемаларын анықтауға, оның ерекшеліктерін түсінуге, белсенді өмір позициясын қалыптастыру болып табылады.
Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Х.Бакирамов, А.Туребай және Н.Темірханов, аула клубтың балалар, барлығы 20-дан аса адам қатысты.
Кездесуде Х.Бакирамов модератор болып жүргізді. А.Туребай өмірдің әрбір құнды сәттеріне жете тоқталып өтіп, суицид еліміздің даму үдерісін тежейтіндігін айтып, өмірге құлшыну – біздің басты міндетіміз екендігін атап өтті.
Кездесу соңында шақырылған қонақтарға жастар мен жасөспірімдер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

 

Даму қорының Жамбыл облысының шағын жəне орта бизнес кәсіпкерлерге арналған бағдарламалары

«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі

Құрметті оқырмандар!

«Baurzhan foundation» жеке қоры 12-ші рет жылсайын өтетін «Алтын жүрек» сыйлығына өтініш қабылдауын бастады. Ұйымдастырушылар еліміз бойынша қайырымдылықпен айналысатын жанжарды іздейді және қайырымдылық жолында қоғамға, елге, халыққа өз ауылына жасап жатқан игі істерін, әлеуметті маңызы зор іс – шараларын, еңбектерін бағалауды асығады және көздейді. Өтініштер 2018 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады. Асығыңыздар, қатысыңыздар!! Мекен – […]

«Дін және мемлекет қатынасындағы зайырлылық ұстанымы» атты кездесу өтті

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын Тараз қаласында іске асыру, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу, теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ дін проблемаларын талдау секторының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26 күні «Қан орталығы» қызметкерлерімен «Дін және мемлекет қатынасындағы зайырлылық ұстанымы» атты кездесу өткізілді.

ХАБАРЛАНДЫРУ 📣📣📣

ХАБАРЛАНДЫРУ 📣📣📣

Жамбыл облысы және Тараз қаласы әйелдерінің назарына!

Егер Сіз және Сіздің балаларыңыз отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болса, Тараз қаласында орналасқан Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы жағдайыңыздың жай-күйіне қарай көмек алуға мүмкіндік бар екендігі туралы хабарлайды.

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе оның куәсі болған жағдайда тәулік бойы және анонимді түрде 87074630623, 45-59-97 сенім телефонына хабарласа аласыз.

 

ОБЬЯВЛЕНИЕ 📣📣📣

ОБЬЯВЛЕНИЕ 📣📣📣

Внимание для женщин города Тараз и Жамбылской области!

Сообщаем, если Вы и Ваши дети стали жертвами насилия в семье, вам поможет Жамбылский областной центр социальной помощи жертвам бытового насилия в городе Тараз.

В зависимости от вашего состояния по возможности окажем социальную, правовую и психологическую помощь.

Если Вы подверглись в семье насилию или стали свидетелями насилия Вы можете обратиться круглосуточно анонимно по телефону доверие 45-59-57 или 87074630623.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

             Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі мен басқару органдарының және күштері мен құралдарының іс-қимылын жетілдіру мақсатында, 2018 жылдың 26-27 шілде күндері Тараз қаласында командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.        

Тақырыбы: «Тараз қаласы аумағында жойқын жер сілкінісі орын алған жағдайдағы басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтері күштерінің жұмысын ұйымдастыру».

Командалық-штабтық оқу-жаттығудың негізгі мақсаттары:

Басқару органдарының басшы құрамын және Азаматтық қорғаныс қызметтерінің жасақтарын дайындыққа келтіру. Тараз қаласының аумағында жойқын жер сілкінісі болған жағдайдағы басқару органдарының, авариялық — құтқару қызметтері  күштерінің іс-қимылдарын іс жүзінде тексеру;

Тараз қаласының басқару жүйесін, байланыс және құлақтандыру жүйесінің жағдайын тексеру.

Командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында ұйымдастырылатын негізгі іс-қимылдар:

  • Тактикалық іс-шаралар көрінісі №32 мектептің аумағында (Жалайыри көшесі, 31) 2018 жылдың 26 шілдесі сағат 11.00-де ұйымдастырылады.
  • 2018 жылдың 26 шілдесі сағат 09.00-де Автокөлік базарының аумағында (Төле би даңғылының соңы) қалалық шұғыл әрекет ету жиынтық жасағы сапқа тұрғызылып, дайындығы тексеріледі.

 Тараз қаласының әкімдігі

 

ОБЪЯВЛЕНИЕ!

   В целях совершенствования территориальной подсистемы Государственной системы гражданской защиты города Тараз, подготовки органов управления, сил и средств к реагированию на возможные землетрясения 26 — 27 июля 2018 года планируется проведение командно-штабного учения.

Тема: «Действие органов управления, сил АСС при возникновении разрушительного землетрясения на территории города Тараз».

  1. Основные цели командно-штабного учения:

Отработать с руководящим составом органов управления, формированиями ГЗ города слаженность в работе по ликвидации последствий разрушительного землетрясения на территории города Тараз.

Проверить надежность работы систем управления, связи и оповещения.

Основные тактические мероприятия:

1) 26 июля 2018 года в 11.00 часов: Проведение тактико-специального учения на территории школы №32 по адресу ул. Жалаири, 31;

2) 27 июля 2018 года в 09.00 часов: Проверка готовности сил и средств аварийно-спасательных служб, входящих в состав сводного отряда экстренного реагирования г. Тараз на территории авторынка (конец пр. Толе би).

Акимат города Тараз