ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЦИФРЛЫҚ ЭФИРЛІК ТЕЛЕДИДАРҒА КӨШІРІЛЕДІ.

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының директоры Мақсат Қойшыбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Мақсат Төлегенұлы цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

2018 жылдың 26-28 қарашасы аралығында облыста эфирлік телехабар таратуға көшу жоспарланып отыр. Цифрлық хабар таратуға қосылу үшін облыс тұрғындары цифрлық сигнал қабылдағыштарын сатып алуы қажет. Облыста Қытай өндірісінің DVB-T2 қабылдағыштарын орташа құны 3500-ден 5000 теңгеге дейін сауда нүктелері ұйымдастырылған, ал ресейлік D-Color қабылдағыштары құны 3500-ден 10000 теңге аралығында сатылады.

Облыста ЦЭТТ(цифлық эфирлік телехабар тарату) енгізу бойынша жобаны іске асыру толығымен аяқталған. 44 цифрлық таратқыштарды қосумен, 43 радиотелевизиялық станциялар салынды және жаңғыртылды. 1 млн-ға жуық адамы бар 377 елді мекен қамтылған. Халықтың 99 пайызы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтылған. Тараз қаласында 25 телеарна, ал облыс орталығынан төменірек 15 телеарнаға дейін көрсетіледі. «OTAU TV» қызметі бойынша шамамен 40% кіру деңгейімен 91968 байланыс тіркелген. Облыста ЦЭТТ қамтылмаған 6 елді мекен бар, бірақ оның «OTAU TV» қызметіне қосылу мүмкіндігі бар.

……………………………………………….
ЖАМБЫЛСКАЯ ОБЛАСТЬ ПЕРЕХОДИТ НА ЦИФРОВОЕ ЭФИРНОЕ ТЕЛЕВИДЕНИЕ.

В «Региональной службе коммуникаций» управления внутренней политики акимата Жамбылской области состоялась пресс-конференция с участием директора Жамбылского областного дирекции телерадиовещания Койшыбаева Максата Толегеновича.
В ходе пресс-конференции Максат Толегенович рассказал по переходу на цифровое телевидение, а также ответил на вопросы журналистов.

Переход на эфирное телевещание в области запланирован с 26 по 28 ноября 2018 года. Для подключения к цифровому вещанию жителям области необходимо приобрести приемники цифрового сигнала. В области организованы точки продаж приемников DVB-T2 китайского производства по стоимости в среднем от 3500 до 5000 тенге, российские приемники D-Color реализуются по стоимости от 3500 до 10000 тенге.

В области полностью завершена реализация проекта по внедрению ЦЭТВ. Построено и модернизировано 43 радиотелевизионные станции с включением 44 цифровых передатчиков. Охвачено 377 населенных пункта, численностью более 1 млн человек. Порядка 99% населения охвачено цифровым эфирным вещанием. В городе Тараз транслируется 25 телеканалов, а ниже областного центра 15 телеканалов.

По услуге “OTAU TV” зарегистрировано 91 968 подключений с уровнем проникновения порядка 40%. В области имеется 6 населенных пунктов, не охваченных ЦЭТВ, но имеется возможность подключения к услуге “OTAU TV”.