2018 жылдың 10 қазан күні қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын (қазан, 2018 жыл) түсіндіруге арналған қалалық актив жиналысы ұйымдастырылды.

Аталған жиынға зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық ақпараттық топтың мүшелері, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері, ұлтық-мәдени орталықтардың жетекшілері, мәслихат депутаттары, қалалық мекемелердің ұжымдары, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.