2018 жылдың 5 қазан күні сағат 11.00-де қалалық мәдениет үйінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын «тікелей эфир» арқылы көрсетілімі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, білім, денсаулық және мәдениет саласының, құқық қорғау және әлеуметтік саланың, жоғарғы және арнаулы оқу орындарының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.