Жамбылдық ұстаздар Астанада өткен республикалық «Үздік педагог-2018» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздардың қатарынан табылды.

Кеше елордада «Үздік педагог-2018» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Үздік атанған еліміздің 64 ұстазына 2 млн 405 мың теңгеден қаржылай сыйақы табыс етілді.
Салтанатты шара барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева және ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.
Конкурс қорытындысы бойынша, Жамбыл облысынан Тараз қаласындағы ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Нариман Қиялбеков, Байзақ ауданындағы №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Үміт Сүгірбекова, Тараз қаласындағы №24 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Наталья Полухина, Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Райхан Шуленбаева «Үздік педагог» атағын иеленді.
Жерлестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

#ҮздікПедагог2018