«Қазақстан 2020: болашаққа жол» ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңын Тараз қаласында іске асыру, сонымен қатар, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты және жастар арасында көңілділер мен тапқырларды таңдау, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды насихаттау мақсатында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 16 мамырында қалалық мәдениет үйінде «Астанаға 20 жыл!» атты қалалық мектепаралық Жайдарман ойыны өткізілді.
Іс-шараға «Парасат» колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Л.Айдосова, ардагер жайдарманшы Ж.Сейдан, мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі З.Карбетова, Қазақстан футбол құрамасының шабуылшысы Е.Сейдахмет, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары С.Турганов пен Э.Әкпар, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, барлығы 300-ден аса адам қатысты.
Жайдарман ойынына барлығы 7 мектеп командалары қатысып, «Сәлемдесу», «Үй тапсырмасы» кезеңдері бойынша әзілдер мен қызықты қалжыңдар көрсетті.
Ойын нәтижесі бойынша қазылар алқасының шешімімен I орынды №17 орта мектебінен — «Тəлпіш қыздар», II орынды №54 орта мектебінен – «Мерси», III орынды №46 орта мектебінен – «Эверест» командалары иеленіп, арнайы диплом, кубоктар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, А.Нұрлан «Үздік ойыншы» номинациясы, №19 орта мектебінен – «Жайдарлы жастар», №36 орта мектебінен – «Сүйікті құрама», №47 орта мектебінен – «Құдай бере салғандар», №53 мектеп-гимназиясынан – «Астана» командаларына алғыс хаттар табыс етілді.