Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 мамырында Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында «Өмір деген ғажайып, өмір деген тамаша!» атты кездесу өткізілді.
Кездесуге Жамбыл облыстық психикалық аурулар диспансерінің психологы А.Айдарбек, Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы С.Жаңғақов және студенттер қатысты.