«Жастар ресурстық орталығы» КММ қарасты «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында тарихи және сәулет ескерткіштерінің халықаралық күніне орай жастар мен жасөспірімдерді тарихи өлкеміздің рухани құнды ескерткіштері мен жәдігерлерін бағалауға тәрбиелей отырып, сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау мақсатында «Мәдени мұра!» атты сурет байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Ә.Шыңғысұлы, ІІ орынды А.Алданбай, ІІІ орынды А.Үсен иеленіп, арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.