Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында «Темірқазық» волонтерлар қозғалысының бастамасымен «Ардагерлерді ардақтайық» атты акция өткізілді.
Акцияның мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, жалғызбасты қарттарға қамқорлық көрсету, туған өлке мен елдің тағдыры үшін жауапкершілік сезімін, азаматтардың белсенді, әлеуметтік, қайырымдылық және волонтерлік қызметпен айналасуға ынталандыруға бағыттау болып табылады. Акцияға қатысушы қаланың белсенді жастары ардагерлердің тұрғылықты мекен-жайларына барып үй шаруасына көмектесті.
Акцияға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары, «Темірқазық» волонтерлар қозғалысының көшбасшысы және қаланың белсенді жастары қатысты.
Шара соңында ардагерлер мен жалғызбасты қарттар көмек көрсеткен жастарға алғысын білдірді.