«Қазақстан 2020: болашаққа жол» ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңын Тараз қаласында іске асыру, сонымен қатар, жастар арасында патриоттық сезімін дамыту, жастардың бойындағы өнері мен шығармашылығын шыңдау мақсатында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Жеңіс күні» мерекесіне орай 2018 жылдың 4 мамыр күні сағат 10.30-да қалалық мәдениет үйінде (Тараз қаласы, Рахимов көшесі, №55) «Майдангерлерге мың тағзым!» атты қалалық ән байқауы өткізілді.
Шараға Жамбыл облыстық филормониясының әншісі А.Әлмерек, Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Құдайбергенова, әнші, 2017 жылы өткен «Жайнай бер менің Астанам!» атты облыстық ән байқауының жеңімпазы С.Шахаева, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру секторының меңгерушісі А.Кадралиев, «Жаңабаевтар жанұясы» ансамбльінің жетекшісі, композитор, продюсер Н.Жаңабаев қазылық етті. Бұдан бөлек, қаламыздың жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, барлығы 300-ден аса адам қатысты.
Аталған байқауға жоғары және арнаулы оқу орындарынан барлығы 15 жас әншілер қатысып, ережеге сәйкес «Патриоттық ән», «Жеңіс әні» кезеңдері бойынша сынға түсті. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Жамбыл политехникалық колледжінің студенті О.Бақытұлы, І-орынды Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Д.Түймеханов, ІІ-орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті А.Тұрар, ІІІ-орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті М.Қырғызбай иеленді, сонымен қатар, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті С.Төребекова «Үздік дауыс иесі» номинациясымен, №12 «Тараз» колледжінің студенті С.Шоушова «Көрермен көзайымы» номинациясымен, арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.