«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі» мерекесіне орай сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, жасөспірімдердің шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, отансүйгіштікке, елін қастерлеп, құрметтеуге баулу және сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 3 мамырында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Балауса» аула клубында «Қазақстан – бейбітшілік мекені!» атты сурет байқауы өткізілді. Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары және «Арай», «Ботақан», «Балауса» аула клубтарының жасөспірімдері қатысты. Іс-шара Э.Әкпардың сөзімен ашылып, байқауға қатысқан жасөспірімдер 1 (бір) сағат ішінде тақырыпқа сай сурет салды. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша І орынды – Н.Айтбай, ІІ орынды – М.Қуантай, ІІІ орынды М.Қазақбаев иеленіп, арнайы диплом, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.