Аула клубтың айналасына санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру, күл-қоқыстан арылту жұмыстарын жүргізу, жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, жастарды еңбекке және қоршаған ортаны таза ұстауға баулу мақсатында «Таза қала!» атты атты жастар сенбілігі өткізілді.Сенбілікке ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Н.Еркінова, «Самал» мөлтек ауданының №14 үй тұрғындары мен аула клубтың жастары қатысты.