«Қазақстан 2020: болашаққа жол» ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңын Тараз қаласында іске асыру және салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерімен жүйелі айналысуына ықпал ету, жастар бойында қазақстандық патриотизмге негізделген көзқарас, әскери дағды қалыптастыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 26-27 сәуір күндері «Мамыр» (Майская роща) саябағында «Тараз тарланы-2018!» атты қалалық әскери-патриоттық ойындардан турнир өткізілді.
Ойындарға қаладағы ЖОО мен АОО орындарынан құралған 15 команда 3 кезең — «Пейнтбол» — (әр командадан 6 ұл баладан (5 негізгі, 1 қосалқы) шығып, сайысқа түседі), «Автоматты жинау және бөлшектеу» -(әр командадан 1 ұл, 1 қыз бала қатысуы тиіс), «Тир ату» -(әр командадан 1 ұл, 1 қыз бала қатысуы тиіс) бойынша бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша «Пейнтбол» ойыны бойынша І орынды М.Х.Дулати атындағы ТарМУ құралған «Бүркіт» командасы, ІІ орынды «Парасат» колледжінен құралған «Парасат» командасы, ІІІ орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінен құралған «Жамбыл жастары» командасы, «Автоматты жинау және бөлшектеу» ойыны бойынша қыздар арасынан І орынды С.Алмағамбетова (Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі), ІІ орынды Н.Марасулова (Жамбыл политехникалық жоғары колледжі), ІІІ орынды Г.Дооронбекова («Парасат» колледжі), «Автоматты жинау және бөлшектеу» ойыны бойынша ұлдар арасынан І орынды Т.Мырзалиев («Парасат» колледжі), ІІ орынды М.Райымбай (Жамбыл политехникалық жоғары колледжі), ІІІ орынды Б.Ысқақов (Жамбыл медициналық коледжі), «Тир ату» ойыны бойынша қыздар арасынан І орынды Н.Мамадалиева (Жамбыл политехникалық жоғары колледжі), ІІ орынды Б.Жумабаева (М.Х.Дулати атындағы ТарМУ), ІІІ орынды Ә.Әмірқұлова («Болашақ» колледжі), «Тир ату» ойыны бойынша ұлдар арасынан І орынды Р.Сауқымбек (Жамбыл политехникалық жоғары колледжі), ІІ орынды Д.Краморов («Парасат» колледжі), ІІІ орынды А.Байтақов (Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі) иеленді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар табыс етілді. Іс-шараға барлығы 200-ге жуық адам қатысты.