«Қазақстан 2020: болашаққа жол» ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңын Тараз қаласында іске асыру сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен 2018 жылдың 16 сәуірінде «Болашақ» колледжінде «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар!» атты жастар спартакиадасы өткізілді.
Спартакиадаға «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының міндетін уақытша атқарушы Н.Қанатов, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жаттықтырушылары, жарыстың төрешілері Д.Тәжібай, Ж.Мадемаров, Ұ.Аликулова, Қ.Иманалиева, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары мен жарысқа қатысушы жастар, барлығы 200-ге жуық адам қатысты.
Спартакиаданың ашылу салтанатында сөз алған «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының міндетін уақытша атқарушы Н.Қанатов спартакиадаға қатысушы жастарға сәттілік тіледі.
Жастар спартакиадасына 13 команда қатысып, 4 спорт түрлері бойынша (гір тасын көтеру, қол күресі қыздар мен ұлдар, кермеге тартылу, шахмат) жарысқа түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша «Гір тасын көтеру» спорт түрінен І орынды О.Тұрсынбай (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті), ІІ орынды С.Санатұлы («Парасат» колледжі), ІІІ орынды Б.Құтжанов (Жамбыл политехникалық жоғары колледжі), ұлдар арасынан «Қол күрес» спорт түрінен І орынды Б.Акжигитов (Жамбыл политехникалық жоғары колледжі), ІІ орынды Г.Шаевский (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті), ІІІ орынды Б.Рейшов (Жамбыл политехникалық жоғары колледжі), қыздар арасынан «Қол күрес» спорт түрінен І орынды О.Письменная («Астана» колледжі), ІІ орынды Ұ.Рысказиева (Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті), ІІІ орынды А.Шынқожа (Жамбыл медициналық колледжі), «Кермеге тартылу» І орынды М.Досай (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті), ІІ орынды Ә.Жеткерген (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті), ІІІ орынды Б.Мәлікбай (Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті), «Шахмат» спорт түрінен І орынды Ж.Төлеу (Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі), ІІ орынды Қ.Зартбек («Болашақ» колледжі), ІІІ орынды А.Меншінбай (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті) иеленді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.