Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында жастарды «Тар заман» киносының актерларымен сұхбаттастыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 12 сәуірінде Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Туған жердің тұлғасы» атты кездесу өткізілді.
Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі директорының міндетін уақытша атқарушы Н.Қанатов, «Тар заман» киносында М.Дулатовты сомдаған актер М.Қожалиев, «Тар заман» киносында А.Байтұрсынұлын сомдаған актер К.Ақүрпеков, «Тар заман» киносында Садуақасов Смағұлдың анасын сомдаған актриса Г.Қойшыбаева, Тараз қалалық мәслихат депутаты Э.Мырзағали, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Э.Әкпар, А.Туребай және жастар қатысты.