Жасөспірімдерге спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Жас балғын» аула клубы мен «Балауса» аула клубының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 13 сәуір күні «Балауса» аула клубында «Толағай» атты спорттық жарысы өткізілді. Спорттық жарысқа аула клубының жасөспірімдерінен құралған «Жас балғын», «Балауса», «Тұлпар» және «Сұңқар» командалары «Желаяқтар», «Мұртты кенгуру», «Пингвин», «Мергендер», «Кенгру» атты кезеңдері арқылы өзара сайысқа түсті. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «Жас балғын», І орынды «Балауса», ІІ орынды «Сұңқар», ІІІ орынды «Тұлпар» тобы иеленді.