Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын Тараз қаласында іске асыру, жастар арасында қазақ халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыру, діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу, теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің дін проблемаларын талдау секторының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 12 сәуір күні №11 орта мектебінің жастарымен «Деструктивті діни ағымдарға қалай қарсы тұруға болады» атты кездесу өткізілді.
Іс-шараға дін проблемаларын талдау секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары З.Зүнінқожа, Б.Тұтқабаев, педагогикалық ұжымы мен жастар қатысты.