Құрметті қала жастары!
Тараз қаласының аумағында абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында (жалақысы 28 284 теңге; жұмыс уақытысы 4 сағат) сәуір-мамыр айларында жастарды уақытша жұмыспен қамтуды жоспарлауда.Осыған орай жасы 18-ден жоғары (жеке куәлігі бар) «Жасыл ел» еңбек жасағына жұмыс істеуге қабілетті жастарды шақырамыз! (мекен-жай: Қаратау м/а, №2 үй, факс.34-00-07 немесе taraz_zhastar@mail.ru)