Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен пробация қызметінің есебінде тұрған жастар арасында жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бөлімінің мамандарымен 2018 жылдың 10 сәуірінде тергеу изоляторында (Жамбыл даңғылы, №180) кездесу өткізілді.
Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін уақытша атқарушы Н.Қанатов, Жамбыл облысы кәсіпкерлік палатасының бизнес жаттықтырушылары М.Өмірбекова мен Г.Метерова, Тараз қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығының» маманы М.Аміреев, «Еңбек Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженері Ә.Қабылов, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары, Тараз қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметкерлері және пробация қызметінің есебінде тұрған жастар, барлығы 70-ке жуық адам қатысты.