Жастар арасында нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 10 сәуір күні №53 орта мектебінің жастарымен «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс-шара барысында қонақтар жастарға жат қылықтардан аулақ болуды, салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақыттарын мағыналы өткізіп, рухани жан – дүниесін байыта түсірулеріне шақырды.
«Дөңгелек үстел» отырысына «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының маманы Ж.Мырзатаев, қалалық мәдениет үйінің әдіскері Ғ.Амирбеков, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, мектеп ұжымы және жастар қатысты.