Жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, аула ойындарын жандандыру мен бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 1-7 сәуірі аралығында қаладағы шағын мөлтек аудандарында аула ойындарынан іріктеу турнирі өткізілді.Аула ойындары бекітілген кестеге сәйкес 1-7 сәуірі аралығында қаладағы барлық мөлтек аудандарында «Қалашық», «Асық ату», «Секірмек» (скакалка) және «Ішке кіріспек» ойындары (выбивалы) түрлерінен өтті. Іріктеу турнирінен үздік ойын көрсеткен жастар 3 санат бойынша (10-14,14-18,18 ден жоғары) жас аралығында барлығы 30- адам қалалық турнирге өтті.