«Жастар ресурстық орталығы » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен 2018 жылдың 30 наурыз күні сағат 10.00-11.00 аралығында Жамбыл политехникалық колледжінде, сағат 11.00-12.00 аралығында Жамбыл медициналық колледжінде, сағат 12.00-13.00 аралығында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде жастар саясатына қатысты әр түрлі бағыттар бойынша (мемлекеттік бағдарламалар, құқықтық, психологиялық, шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыспен қамту т.с.с.) Кеңес беру алаңы ұйымдастырылды.