Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 14 ақпанында №38 орта мектепте жастар мен жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында «Мен – өмірді таңдаймын!» атты видеоролик көрсетілді.
Негізгі мақсат – әлемдік мәселеге айналып үлгерген өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу, жастар мен жасөспірімдерге өмірдің құндылықтарын ұғындыру және психологиялық тұрғыдан көмектесу болып табылады.
Іс-шараға Жамбыл облыстық психикалық аурулар диспансерінің психологы Ж.Байгутдинова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйысдастыру бөлімінің инспекторы Г.Еркебекова , студенттер қатысты.