Жасөспірімдердің құқықтық білімін тереңдетіп, жауапкершіліктерін арттыру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 13 наурыз күні «Тараз-Ғасыр» колледжінде «Қылмыс – қоғамға қауіпті әрекет!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері жастарға қылмыс және қылмыстық жауапкершілік туралы жалпы ақпарат беріп, жат қылықтардан аулақ болуды, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берсе, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің белсенді студенті жастарды түрлі келеңсіз іс-әрекеттерден аулақ болуға, өздерінің бос уақыттарын мағыналы өткізуге, рухани жан – дүниесін байыта түсірулеріне шақырды.
Іс-шара соңында жасөспірімдер қонақтарға бірқатар сұрақтар қойып, өз сауалдарына толық жауаптар алып, жастар арасындағы қылмыс туралы өз ойларымен бөлісті.
Кездесуге Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ полиция капитаны Д.Алмабаев, полиция аға лейтенанты Е.Салжанов, полиция қатарындағы Е.Махашов, Тараз мемлекеттік университетінің студенттер ректоры Д.Бәйдібек, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, колледж ұжымы және жастар қатысты.