«8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай қыздардың арасында салт-дәстүрлерді жете түсіндіру, инабаттылыққа, ибалыққа тәрбиелеу мақсатында «Жастар ресурстық орталық» мекемесі мен «Асыл арман» қоғамдық бірлестіктігі бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 6 наурыз күні қалалық мәдениет үйінде «Тараздың Инабатты аруы – 2018» атты қалалық байқау өткізілді.
Байқауда 12 қыз сынға түсіп, Бас жүлдені №32 орта мектебінің оқушысы А.Жеңісбаева, І орынды №8 мектеп-гимназиясының оқушысы Е.Жетібаева, ІІ орынды №11 орта мектебінің оқушысы Д.Жанасбек, ІІІ орынды Тараз «Парасат» колледжінің студенті Ә.Иманалиева мен №17 орта мектеп оқушысы Н.Оңғарова иеленсе, қалған қатысушылар арнайы номинациялармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.