Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 5 наурыз күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мәжіліс залында «Әйел отбасының да, мемлекеттің де тірегі» атты конференция және тауар өндіретін кәсіпкер әйелдердің көрмесі ұйымдастырылды.
Конференцияға қалалық ардагерлер Кеңесінің және қалалық әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері, кәсіпкер әйелдер мен қалалық мәслихаттың депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жоғарғы және арнаулы оқу орындарының басшылары, бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.