Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28 ақпанында жастар мен жасөспірімдер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Жемқорлық – індет, оны жою міндет!» атты кездесу өткізілді.
Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ақпараттық-мониторинг секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Н.Қосубақ, Жамбыл облысы жастар маслихатының екінші шақырылым депутаты, «Темірқазық» волотерлар қозғалысының көшбасшысы Е.Әбдиев, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі төрайымы С.Сейдалиева, жастар қатысты.