Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жастар арасында түсіндіру мақсатында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 ақпанында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Жарқын Жолдау – серпінді мақсат!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
«Дөңгелек үстел» отырысына ардагерлер кенесінің мүшесі, жастар арасында тұрақты жұмыс жүргізу комиссиясының төрағасы М.Жаналиев, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы А.Абдрашова, Жамбыл облысы бойынша «Қазақстан студенттерінің Альянсының» көшбасшысы Ә.Мұратбаев, Жамбыл облысы «Жастар маслихатының ІІ-ші шақырылым депутаты» Т.Сердалиева, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Абекеева және жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы С.Сейдалиева, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының меңгерушісі А.Кадралиев, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар мен колледждің белсенді білімгерлері қатысты.