Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26 ақпанында №23 орта мектепте жастар мен жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында «Өмір шыңға шыққанмен бірдей!» атты семинар тренинг өткізілді.
Семинар тренингтің мақсаты – әлемдік мәселеге айналып үлгерген өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу дертінің алдын алу, жастар мен жасөспірімдерге өмірдің құндылықтарын ұғындыру және психологиялық тұрғыдан көмек көрсету болып табылады.
Кездесуге Жамбыл облыстық психикалық аурулар диспансерінің психологы А.Айдарбек, мектеп оқушылары  қатысты.