Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын Тараз қаласында іске асыру, жастар арасында қазақ халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыру, діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу, теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мақсатында дін проблемаларын талдау секторының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26 ақпанында Жамбыл медициналық колледжінің жастарымен «Дін және жастар» атты кездесу өткізілді.
Іс-шараға дін проблемаларын талдау секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары З.Зүнінқожа, Б.Тұтқабаев, колледждің педагогикалық ұжымы мен жастар қатысты.