Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын Тараз қаласында іске асыру, жастарға діни экстремизм мен терроризм ағымдарынан аулақ бола отырып, шынайы дәстүрлі ислам мен экстремистік діни ағымдардың айырмашылықтарын жете түсіндіру мақсатында дін проблемаларын талдау секторының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 9 қаңтар күні А.Гайдар атындағы №35 орта мектебінде «Дін тәрбие діңгегі!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
«Дөңгелек үстел» отырысына дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі Ж.Керімбекова, жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Бекайдаров, А.Сәрсенбаев, З.Зүнінқожа орта мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Іс-шара барысында А.Сарсенбаев пен З.Зүнінқожа діни экстремизмнің әлемге тигізіп жатқан залалы туралы баяндама оқып, арнайы дайындалған слайдтар мен бейнебаяндар арқылы, діни экстремистік және террористік бағытындағы ислам дінін жамылған радикалды ағымдар жайлы нақты мысалдар келтірді. Іс – шара барысында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар берілді. Сонымен қатар «сенім телефондары» қызметі берілді.