Жасөспірімдерге қазақ елінің біртуар азаматы Д.Қонаев туралы жан — жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, жасөспірімдер бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу мақсатында 2018 жылдың 9 қаңтар күні «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Арай», «Балауса», «Жас балғын», «Ботақан» аула клубтарының жасөспірімдерімен Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Мақтан тұтар ұлы тұлға!» атты экскурсия өткізілді.