2017 жылдың 27 желтоқсан сағат 9.30-да Тараз қаласы әкімі Р.Дәулеттің төрағалығымен Тараз қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібіне сәйкес 4 мәселе қарастырылды. Олар:

  1. «Тараз қаласында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы барысы туралы»

Баяндамашы – «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының міндетін уақытша атқарушысы – Н.Қанатов

  1. «Орта мектептердегі жастар мен жасөспірімдер арасында әртүрлі тақырыптар бойынша өткізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар туралы»

Баяндамашы – Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы – М.Жинақбаева.

  1. «Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде жастардың бос уақытын тиімді өткізу бойынша атқарылған іс-шаралардың орындалуы барысы туралы»

Баяндамашы – Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы  – С.Сейдалиева.

  1. «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту туралы»

 

Аталған Кеңес отырысына қала әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдары мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары (проректорлары) мен жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары (төрайымдары) қатысты.