Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан құрылған «Темірқазық» волонтерлар қозғалысының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 7 желтоқсанында жастардың ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілетін дамытып, ойлау қабілетін арттырып, әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешу жолында еңбектенуге жұмылдыру мақсатында Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде “Жас.Жалын.Жаңғыру” атты семинар-тренингі өткізілді. Іс-шараға Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру секторының меңгерушісі Ғ.Исатай, Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі Е.Қыпшақбаев, Жамбыл облысы бойынша «Жібек жолы» волонтерлық қозғалысының көшбасшысы Қ.Мұратбаев, Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігі «АСК» жайдарман құрамасының капитаны Б.Темірхан және белсенді волонтерлар қатысты.