2017-2019 жылдарға арналған «Қауіпсіз Тараз» Концепциясының басты мақсаттарының бірі қаладағы құқықбұзушылық деңгейін төмендету және қала тұрғындарын қылмыстан қорғау. Қазіргі таңда Концепция шеңберінде қала аумағының қоғамдық және де басқа жерлерінде бейне бақылау және жарықты орнату мәселесі шешілуде. Сонымен қатар, тұрғындарды қылмыстан қорғау мақсатында ұрлық, тонау, қарақшылық сияқты қылмыстардан сақтану жолдары, ондай қылмыстар орын алып жатқан жағдайда қандай әрекеттер жасау қажеттігі, қандай әрекеттерге жол бермеу туралы тарату парақшалары, яғни буклеттер дайындалып, олар «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Темірқазық» волонтерларының көмегімен 1-ші және 2-ші мөлтек аудандарында таратылды.