араз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан құрылған «Темірқазық» волонтерлар қозғалысының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 28 қарашасында №43 орта мектебінде «Жетістікке жетелейтін бір қадам» атты TEDx форматында кездесу өткізілді. Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар, Тараз қалалық «Темірқазық» волонтерлар қозғалысының көшбасшысы, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеттінің филология факультетінің 2 курс студенті А.Байғазиев, Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің президенті Е.Серік, Тараз сервис және технология колледжінің І курс студенті, «Темірқазық» жастар қозғалысының Тараз сервис және технология колледжі бойынша көшбасшының орынбасары А.Мамыр, «Парасат» колледжінің президенті, «Темірқазық» жастар қозғалысының «Парасат» колледжі бойынша көшбасшысы Н.Жарылқасымова және мектептің белсенді жастары қатысты.