«Жастар ресурстық орталығы» КММ дін проблемаларын талдау секторы

«Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің « Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тараз қаласының әкімдігінің №69 қаулысымен 2017 жылдың 13 ақпанында «Дін проблемаларын талдау» секторы құрылды.
Сектор жұмысын іске асыруда Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулыларын, облыстық маслихаттың шешімдерін , Жамбыл облысы әкімдігінің қаулыларын, Жамбыл облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерін, Тараз қаласы әкімдігінің қаулылары мен өкімдерін, орталық туралы Ережені, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы №153 жарлығымен бекітілген Әдеп кодексін, басқада нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады,
— Дін бағытындағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы жайында зерделеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және талдау жүргізеді;
— Жоғары оқу орындары мен жастар ұйымдары өткізетін әр түрлі іс-шараларға (дөңгелек үстелдер мен кездесулер, семинарлар, кеңестер және т.б.) мекеменің атынан қатысады;
— Сала бойынша түскен жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары мен хаттарына уақытылы жауап береді;
— Ұйымдастырылатын іс-шаралар бойынша мекеменің атынан хаттар дайындайды;
— Қала жастарына заңгерлік және психологиялық кенес беру;
— Жастар арасындағы діни көзқарасты анықтау мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізу және талдау;
— Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен жоғары сынып оқушылары арасында дін тақырыбында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары мен қала әкімдігінің бөлімдерімен бірлесе бос уақытты тиімді пайдалануға бағытталған тақырыптық іс- шараларды ұйымдастыру;
— Жұмыссыз және жұмыс істейтін жастармен кездесулер ұйымдастыру;

Қалада орналасқан діни бірлестіктер мен филиалдар туралы ақпарат