Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануда, оларды сүйіспеншілік пен патриоттылыққа тәрбиелеуде, шығармашылықпен айналысып, салауатты өмір салтын насихаттауда аула клубтарының ролі орасан зор. Осы мақсатта «Жастар ресурстық орталығы» мекемесіне қарасты «Арай», «Ботақан», «Азимут», «Балауса», «Жас балғын» аула клубтары тұрақты жұмыс атқаруда.